"Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу", тақырыбында "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы Аманов.Д, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы Данияров.А, Шардара ауданы Жауышқұм ауыл округі "Қонар ата" мешітінің имамы Сариев.Е, қатысты. «деструктивті діни ағым», «діни экстремизм», «діни терроризм» ұғымдарының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін айтып түсіндірді. Діни экстремизм деп діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен мемлекеттің аумақтық біртұтастығы мен тәуелсіздігін бұзу және мемлекеттік құрылысты күшпен басып алуға үгіттейтін дінге негізделген немесе діни элементтерді қамтыған қауіпті іс-әрекетті айтамыз. Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының шеңберінде қарастырылуы керек. Бұл бағытта ата-ана, мектеп бірлесіп жұмыс атқарсақ маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндігіміз зор екендігін айтты.
- Басты бет
- Аттестация
- Бiлiм беру ұйымының жалпы сипаттамасы
- Нормативтік құжаттар
- Дипломдар
- Даму жоспары
- Оқу-материалдық активтер
- Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор
- Өзіндік бағалау нәтижелерін қорытындылау
- Қосымшалар
- Кадрлық құрамға талдау
- Білім алушылар контингенті
- Білім алушылардың білімін бағалау
- Мектепішілік бақылау
- 3 жылға арналған жұмыс жоспарлары
- 3 жылдағы қорытынды
- 3 жылдағы аттестаттаудан өтетіндердің тізімдері
- 3 жылға арналған мониторинг
- Біліктілік арттыру курстары
- 2024–2025 жылдарға арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамалары
- 2025–2026 жылдарға арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамалары
- 3 жылдағы пәндік олимпиаданың қорытындылары
- Білім мазмұны
- Әдістемелік жұмыс
- Тәрбие жұмысы
- Мектепке дейінгі тәрбие
- Қауіпсіз мектеп
- Қосымша білім беру
- Оқушыларға
- Ата-аналарға
- Әдеп кеңесі
- Адалдық алаңы
- Жұмысқа қабылдау
- Ашық бюджет
- Ашық орган